$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» лицензиясынан айрылды

AstanaTV
28.08.2018ж. 20:00
2205
«Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» лицензиясынан айрылды

«Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» жабылатын болады. Бүгіннен бастап клиенттердің шоттары мен барлық операциялар тоқтатылды. Ұлттық банк екі бірдей қаржы институтының лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды. Бас банк шараны жеделдету үшін жақын арада сотқа жүгінбек. Екі банк те шарттық міндеттерін бірнеше рет бұзғаны белгілі болды. Алайда акционерлер мәселені шешуге тырыспаған. Қазір уақытша әкімшілік тағайындалған. 

Айта кетейік, «Qazaq Banki» қорында жеке тұлғалардың 23 млрд теңге көлемінде депозиті бар. Ал «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-на халықтың 254 миллион теңге депозиті бар. Ұлттық банк салымшылар қаржысын "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" өтейді.  Айтпақшы, лицензияны қайтарып алудан бір күн бұрын «Эксимбанктің» директорлар кеңесінен барлық ірі акционерлер шығып кетті. Олардың арасында Александр Клебанов пен Сергей Кан бар. Екеуі де, Форбстің дерегі бойынша, Қазақстандағы ең бай елу адамның қатарына жатады.

Еске салайық, «Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» банктеріндегі қиындықтар сәуірде басталған-ды. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев акционерлердің жұмыс сапасының нашарлығын айтып, салымшылар алдындағы міндетті Үкіметке аударуға тастауға тырысып жатқанын сынға алды. Ал маусым айында қазақстандық кәсіпкер Бахыт Ибрагим Германияда ұсталған еді. «Qazaq Banki-нің» басты акционерінің бірі "Bank RBK" АҚ-нан қыруар қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Бас прокуратураның ақпарынша, 2013-2016 жылдар аралығында қолды болған сомма мөлшері 50 млрд теңге мен 83 млн долларды құрайды.