Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте баспананың бастапқы жарнасының 50 пайызын әкімдік береді

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
2085
Шымкентте баспананың бастапқы жарнасының 50 пайызын әкімдік береді

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндерге алғашқы жарнаның тең жартысын әкімдік субсидия ретінде төлеп береді. Бұл жергілікті билік пен «Баспана» ипотекалық ұйымы арасында  жасалған ынтымақтастық нәтижесінде мүмкін болмақ. Пилоттық жоба алғаш болып Шымкент қаласынан бастауын алады. Шартқа сәйкес несие рәсімдеушіге бастапқы жарнаның 50%-ын әкімдік субсидия ретінде береді. Мәселен, алғашқы жинайтын қаражат сомасы 2 млн теңге болса, пәтер алушы соның 1 млн теңгесін ғана алдын ала өтейді. Екінші миллионды әкімдік қайтарымы бар қарыз ретінде төлейді. Мұндай көмек ипотекалық компанияның «Жас арман» және «Қамқор баспана» атты пилоттық екі жобасы шеңберінде жүреді. 

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ИҰ басқарма төрағасы:

Ол бағдарламамен есептейтін болсақ, мысал ретінде, 10 млн-ды құя алатын болса, біздің қазақстандық клиент, ол бағдарлама бойынша 2 млн теңге алғашқы жарнасын төлейді. 8 млн теңге 25 жылға несие беріледі. Ол ай сайын сол несиесімен 56 мың теңге арасындағы төлем ай сайын төлемі 56 мың теңге болады. Одан артық ешбір комиссия, ешбір төлем ол жерде қарастырылмаған, төленбейді де.

Бағдарлама жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерін қамтиды. Жергілікті әкімдік аталған бағдарламаға 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Биылдың өзінде 500 млн теңгесін игеру көзделген.