$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Sanofi компаниясы қазақстандық науқастарға дәрісін өткізу үшін лауазымды тұлғаларға пара берге

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2596
Sanofi компаниясы қазақстандық науқастарға дәрісін өткізу үшін лауазымды тұлғаларға пара берге

Қазақстандық науқастарға дәрісін өткізбек болған Sanofi компаниясы лауазымды тұлғаларға пара берген. Бұл ақпарат АҚШ құнды қағаздары мен биржалары комиссиясының сайтында жарияланды. Онда компанияның Қазақстан мен Таяу Шығыстағы еншілес кәсіпорындары өнімін өткізу үшін жергілікті лауазымды тұлғалармен ауыз-жаласқан. Тіпті мемлекеттік келісімшарттарды жеңіп, дәрілік рецептілерге өз өнімін жазғызудың оңай жолын тапқан делінген. Sanofi Иордания, Ливан, Бахрейн, Кувейт, Катар, Йемен, Оман, тіпті Біріккен Араб Әмірліктерінде 2006-2015 жылдар арасында дәл осылай әрекет еткен. Фармацевтикалық компания бұл іске қатысы бар-жоғы туралы тіс жармаса да, дауды доғару үшін 25,2 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге келісіпті.