Астаналық шебер Геннадий Головкинге арнап ерекше кебіс тікті. Осылайша, ісмер даңқты отандасымызға байрақты бәсеке қарсаңында сый-сияпат жасамақ болған. Әлеуметтік желіде тараған мына видео көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Астаналық Самғау Нәсіпхан Геннадий Головкинге ұлттық нақыштағы етік тігіп, бейнеролик түсірген.
Самғау Нәсіпхан, қолөнер шебері:
Ол кісінің арнайы 43-ші размер киетінін біліп, арнайы тіктік. Таза шердің терісінен табының іші-сыртының барлығын таза теріден жасап, 1 айдың көлемінде дайындадық. Бұйыртса, алдағы уақытта өзіне береміз деп жоспарлап отырмыз.
Естеріңізге
сала кетейік, алдағы жексенбі, 16 қыркүйек күні
таңғы сағат 6:00-де Геннадий Головкин өзінің мексикалық қарсыласы Сауль
Альвареспен қарымта кездесу өткізеді. Бұл қос бокшсы үшін де "тарихи" шайқас болады деп күтіледі. Әлбетте, GGG-ге сәттілік тілейміз.