$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сахалин облысының шіркеуінде оқ жаудырған адамның жеке басы анықталды

AstanaTV
10.02.2014ж. 10:00
1589
Сахалин облысының шіркеуінде оқ жаудырған адамның жеке басы анықталды

Ресейдің Сахалин облысындағы Оңтүстік және Курил епархиясының бас шіркеуінде оқ жаудырған адам, алдын ала болжам бойынша 24 жастағы Сергей Комаров болуы мүмкін. Ол теңіз жаяу әскерінде борышын өтеп, күзет мекемесінде қызмет еткен, - деп Лента.ру хабарлады.

Күдікті қылмысқа православиеге деген өшпенділігінен барған. Құқық қорғау органдарының пайымдауынша, күдікті өзге діндегі адамдарға аса ауыр қатігездікпен қарайтындардың жетегінде кеткен. Мұндай көзқарастағы адамдар иудей, христиан мен мұсылмандандарға бірдей жеккөрінішпен қарайды.

Еске салайық, 9-ақпан күні шіркеуге баса көктеп кірген қарулы адам әуелі иконаларға, кейін шіркеудегі діндарларға қарата қарудан оқ жаудыра бастаған. Салдарынан шіркеудің діни қызметшісі мен құлшылық етуші азамат оқиға орнында көз жұмды. Алты адам жарақат алды.

Әлия ӘШІМ