$530.24 €543.97 ₽5.16
×

А.Лукашенко: Беларусь Еуропа үшін Еуразиялық экономикалық одаққа ашылған қақпа

AstanaTV
30.04.2015ж. 13:00
1125
А.Лукашенко: Беларусь Еуропа үшін Еуразиялық экономикалық одаққа ашылған қақпа

Беларусь Еуропа үшін Еуразиялық экономикалық одаққа ашылған қақпа. Халыққа және Парламентке жолдауы кезінде ел Президенті Александр Лукашенко осылай деді. Бұл туралы Рейтерс хбарлайды. Осы орайда Белорусь Еуропалық одақпен қарым-қатынасты нығайтып, жаңа белеске шығу қадамдарына бармақ. Лукашенко Еуропадағы шиеленіске қарамастан интеграция идеясы өзекті екенін айтты. Оған қоса, Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға байланысты Ресей, Еуропалық одақ және Қытай үшін Беларусь аумағының маңыздылығы арта түсті деп санайды. «Елде тыныштық болғаны керек», - деген Лукашенко осы мақсатта Еуроодақпен қарқынды диалог жүріп жатқанын жеткізді.

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:

Күрделі саяси қарым-қатынасқа қарамастан Еуроодақ Беларусь үшін, негізгі сауда- экономикалық серіктесі және несие мен инвестиция көзі болып қалады. Қайшылықтарға қарамастан біз еуропалық бизнеске қысым көрсетіп, кедергі жасаған емеспіз.

Мөлдір ДЮСЕКИНА