Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа кешені пайда болды. Щучинск қаласынан елордаға көшірілген оқу ордасының ауқымы артып отыр. Университет Орталық Азиядағы магистратура және докторантура бағдарламаларымен әскери кадрлар даярлайтын жалғыз оқу орны.
Құрылған күннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына қатысушы мемлекеттер үшін мыңға жуық әскери кадр дайындап үлгерген. Жаңа нысанның жалпы аумағы 107 мың шаршы метрден асады. Оның 21 мыңдайы тұрғын үйлер. Ғимараттар Назарбаев университеті
маңында орналасқан.
Қазір 63 мың шаршы метр аумақтағы құрылыс аяқталды. Ол 5 оқу және 1 әкімшілік корпусы, 306 пәтерлік жатақхана. Білім ордасы кешенінің құрылысы 2016 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Ресми
ашылуда университет түлектерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқу орны әлемдік әскери технологияларды меңгерген бірегей отандық оқу орны болатынына сенім білдірді.
Шалқар Мыңбаев, Ұлттық қорғаныс университетінің түлегі:
Бүгінге дейін бізге дәріс берген офицерлер тек Ресей немесе шет ел оқу орындарын тәмәмдаған болатын, бүгінгі таңда осы оқу орны оқыту жағынан өзінің мұғалімдері және профессорлары толығымен сабақ беруге мүмкіндіктері бар. Бұл оқу орнының қабырғасында өзінің отанына мінсіз қызмет ететін нағыз офицерлер оқу бітіреді деген сенім білдіргім келеді.
Азамат АЛДОНҒАРОВ