Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде аяғы темірге қысылып қалған керік жануарларды қорғау қоғамының наразылығын тудырды

AstanaTV
18.05.2015ж. 20:00
1137
Ақтөбеде аяғы темірге қысылып қалған керік жануарларды қорғау қоғамының наразылығын тудырды

Ақтөбеде аяғы жарақаттанып, қиналған керіктің бейнежазбасы, жергілікті жануарларды қорғау қоғамының наразылығын тудырды. Бұл керік қыс кезінде қала сыртындағы арнайы жылытылған орында тұрған. Күн жылығасын, иесі оны шаһар ортасындағы зообаққа жеткізбек болады. Сол кезде аяғы қолдан жасалған күймедегі темірге қысылып қалған. Зообақ мамандары оны босату үшін темір кесетін арнайы құрылғылар пайдаланыпты. Ал жарқ-жұрқ еткен от пен шудан қорыққан керіктің аяғы темірден босатылғанымен, оны біраз уақыт байлауда ұстауға тура келді. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі арқылы көпшілік арасына жылдам тарап кеткен. 

Татьяна Острецова Ақтөбе қалалық «Қамқор» жануарларды қорғау қоғамының президенті:

Мұны көптің көз алдында жасамаулары қажет еді. «Барлық тиісті ережелерді сақтаймыз»,- дейді. Бірақ оған сену қиын. Жануарды тасымалдауға арнайы көлік болуы керек. Қылмыстық кодекстің 276-бабы «Жануарларға қатігездік жасау» әрекеті бойынша жаза қарастырады. Бірақ бұл бап бойынша әлі күнге ешкім жазаға тартылған жоқ. Ол туралы халық тіпті біле де бермейді.

Айта кетейік, жергілікті бір кәсіпкер осыдан 5 жыл бұрын шаһардың ортасында шағын зообақ ашқан. Жылдың жылы мезгілінде мұнда «Твига» есімді керіктен бөлек, бұғы мен тауыс құстары сияқты көпшілікке таңсық жан-жануарлар тұрады. Зообақ иесі барлық жануарды тиісті деңгейде күтіп-баптап отырғанын айтады.

Борис Байжарқынов, кәсіпкер:

Біз Алматының зоопаркінен кішкентай кезінде алып келдік. Содан бері балалар қызықтап жатыр. Барлығы ризашылығы мен рахметін айтып кетіп жатыр. Қалада зоопарк ашылсын - мен берем де жіберемін. Тегін беремін деп, мен өзім 5 жыл бұрын айтқанмын. 

Мансұр ЕСҚОЖИН

Алдыңғы жаңалық