Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда ұрыны ұстауға көмектескен жеткіншек марапатқа ие болды

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
714
Алматыда ұрыны ұстауға көмектескен жеткіншек марапатқа ие болды

Алматылық тәртіп сақшыларына ұрыны ұстауға көмектескен жеткіншек бүгін ерлігі үшін арнайы марапатқа ие болды. Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқыс оқиға қарашаның 20-сында болған.

Гагарин көшесінің бойындағы аялдамада тұрған 15 жастағы Магомедамин Килоев көшеде зейнеткерді тонаған ер адамды көріп қалып, дереу көмекке ұмтылған. Жылдам қашпақшы болған ұрының ізіне түсіп, қуа жөнеліпті. Бұзақы жеткіншекке күш көрсетіп, шөлмектің сынығымен бетін жаралайды. Алайда осыған қарамастан, Магомедамин ұрыны ақыры қолға түсіріп, тәртіп сақшыларына тапсырыпты. Бүгін полицейлер мен Бостандық ауданының әкімдігі оқушының ерлігін ескеріп, оған ноутбук сыйға тартты.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Оның анасына кішігірім сыйақы көрсетілді. Біздің айта кететініміз, осындай жасөспірімдер біздің еліміздің болашағы осындай азаматтық позициясын ұстанатын болса, қылмыстық істерге төтеп беруге  мұршамыз болады. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің «тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті болып танылған 44 жастағы ер азамат еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын-соңды сотталған ер азамат қамауға алынды. 

Айгүл ЕРМАХАН