$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ЭКСПО ҰҚ бұрынғы басшысы Т.Ермегияев 14 жылға сотталды

AstanaTV
11.06.2016ж. 20:00
2120
ЭКСПО ҰҚ бұрынғы басшысы Т.Ермегияев 14 жылға сотталды

Астана қалалық қылмыстық істер соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевқа  үкім шығарды. 

Астана қалалық қылмыстық істер сотының судьясы Әділхан Шайхисламов Талғат Ермегияевты қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағы ("пара алу") және 189-бабының 4-тармағының 2-бөлімі ("өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету") бойынша айыпты деп тауып, оны 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Судья Ермегияевты жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, жаза мерзімін ол ұсталған 2015 жылдың 8 маусымынан бастап есептеуге, содан бергі үйқамақта отырған екі күнін бір күндік бас бостандығынан айырумен тең деп есептеуге үкім етті. Ермегияевты мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айырған судья оның "қылмыстық жолмен табылған дүние-мүлкін тәркілеуге" үкім етті.

Әділхан Шайхисламов, Астана қ. қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Окончательно назначить Ермегияеву наказание в виде 14 лет лишения свободы, с конфискацией имущества, добытые преступным путем или приобретенные средства, добытые преступным путем. Лишить права занимать пост руководителя госслужбы и коммерческих компаний.

Сонымен бірге судья Шайхисламов Президентке Ермегияевты мемлекеттік "Парасат" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді. Судья Ермегияевты сот залынан қамауға алуға бұйырды.

Оның  6 компаниядағы 18 пайыздан 100 пайызға дейінгі үлестері мемлекетке алынады. Банктерде жатқан ақшасы -680 мың 113 теңге, 5 мың 600 долллар, 52 мың 739 еуро, сонымен бірге люкс актокөліктер – 3 Lexus 570, 3 Mercedes Benz және Алматы мен Астанадағы пәтерлері, Алматы облысы мен Астана маңындағы жер учаскелері тәркіленеді.

«ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының топ менеджерлері былтыр мамыр айынан бастап тұтқындала бастаған еді. Тергеу мәліметіне қарағанда,қылмыстық топ мемлекетке тиесілі 10 млрд 200 млн теңгені талан-таражға салып, қымқырған. Ермегиев соттың шешімі бойынша  5 млрд 901 млн 445 мың 90 теңгені мемлекетке қайтаруы міндет.

Астана соты «Экспо» бойынша бейсенбіде Ермегиявпен бірге 10, ал сәрсенбіде 12 адамды соттады. 12-ң ішінде алдымен адам қаққыш баласы арқылы танылған Қажымұрат Үсенов те бар. Сәрсенбіде сотталғандар прокурор таққан айыптармен келісетіндерін мәлімдеп, процессуалдық келісім жасасқан. Бұл адамдарға қатысты жеке сот өндірісі ашылған.

Үсенов "қызмет өкілетін теріс пайдаланды", "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді немесе ысырап етті" және "қылмысқа айдап салды" деп айыпталып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алған.

Үсеновтің сотта сөйлеген сөзін келтірейік:

«Мен ұзақ жылдар жұмыс істедім. Отаныма, Қазақстанға еңбек еттім. Жақсы жұмыс істегенімнің  көрсеткіші - мақтау қағаз, ордендер мен медальдармен марапатталдым. Әрдайым адал, таза жұмыс істедім. Денсаулығымды да ескеруіңізді өтінемін. Мен білгенімді жастарға үйреткім келді. ЭКСПО –ға барған себебім де сол – жас мамандарды тәрбиелеу, үйрету үшін, тәжірибеммен бөлісу үшін. Осыны ескеруіңізді сұраймын».

Осы мәлімдеме көптеген сауалға жауап. Сыртынан бәрі мемлекетшіл көрінеді, тіпті «білгенін үйреткісі келеді»... ал шын мәнінде... Бұл бізде неге нәтиже жоқтығын түсіндіретін негізгі факторлардың бірі...