Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мұнайдың бағасы барреліне 40 доллардан төмендеп кетті

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
797
Мұнайдың бағасы барреліне 40 доллардан төмендеп кетті

WTI маркалы мұнай бағасы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қор нарығында әр барреліне 39 долларға дейін түсіп кетті, деп хабарлайды ВВС. Тағы бір танымал марка Brent-тің бағасы 45 долларға төмендеді. Бұл 2009 жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Мұнай құнының бұлайша төмендеуіне негізгі қор нарықтарында қалыптасқан жағдай әсер етті. Токио биржасы 2 пайыздық төмендеумен ашылса, Гонконг биржасындағы баға төмендеуі 3 пайыздан асты. Шанхай биржасы 5 пайыздай котировка жоғалтты. Таяу Шығыстағы биржаларда да ахуал мәз емес. 23 тамызда Дубай және Сауд Арабиясы биржалары 7 пайыздық төмендеумен жабылды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ

 

Алдыңғы жаңалық