WTI маркалы мұнай бағасы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қор нарығында әр барреліне
39 долларға дейін түсіп кетті, деп хабарлайды ВВС. Тағы бір танымал марка Brent-тің бағасы 45 долларға төмендеді. Бұл 2009 жылдың наурыз айынан бергі ең
төменгі көрсеткіш.
Мұнай құнының бұлайша төмендеуіне негізгі қор нарықтарында
қалыптасқан жағдай әсер етті. Токио биржасы 2 пайыздық төмендеумен ашылса,
Гонконг биржасындағы баға төмендеуі 3 пайыздан асты. Шанхай биржасы 5 пайыздай
котировка жоғалтты. Таяу Шығыстағы биржаларда да ахуал мәз емес. 23 тамызда
Дубай және Сауд Арабиясы биржалары 7 пайыздық төмендеумен жабылды.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ