$505.15 €550.31 ₽5.89
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Елімізде құрастырылатын автокөліктер бұрынғы бағамен сатылуда, ал банктерде автонесие бағдарламасы уақытша тоқтатылды

AstanaTV
24.08.2015ж. 20:00
1422
ЭКСКЛЮЗИВ: Елімізде құрастырылатын автокөліктер бұрынғы бағамен сатылуда, ал банктерде автонесие бағдарламасы уақытша тоқтатылды

Елімізде құрастырылатын отандық автокөліктер бұрынғы бағамен сатылуда. Бұл туралы біздің арнаға берген сұхбатында «Азия Авто» компаниясының президенті Ерік Сағымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық машина жасауды қолдауға арналған үкімет тарапынан қаралған 10 млрд теңге дер кезінде бөлінген көрінеді. Енді бұл бағаның өсуін тоқтатуға септігін тигізеді. Әрі бұған дейін әзірленген жүйе бойынша авто әуесқойларды жылына 4% үстемақымен несиелендіруге мүмкіндік береді.

Ерік Сағымбаев, «Азия Авто» АҚ президенті:

Өзге автосалондардан біздің компанияның айырмашылығы түзетілімдер жасаған жоқпыз. Және «Азия Авто» шығарған көліктерді ескі бағамен сатуды ұсынамыз.

Ал осы тұста Алматының бірнеше банктерінде автокөлік үшін несие беру уақытша тоқтатылды. Мұны банк менеджерлері телефон арқылы растады. Айтуларынша, несие бағдарламасына өтініштер қабылданып жатыр. Тек банк қызметкерлері өз клиенттеріне несиенің жуырда берілмейтінін ескертуде. Яғни көлік сатып алғысы келетіндер автонесие бағдарламасы іске қосылғанша күте тұруға мәжбүр.

Автонесие, өкінішке орай, тоқтатылды. Көп болған жоқ. Мен сізге оны нақты айтып бере алмаймын.

Айгүл ЕРМАХАН