Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда апалы-сіңлілі әйелдерді атқан күдікті артынша өз-өзіне қол салған

AstanaTV
08.09.2015ж. 20:00
1150
Атырауда апалы-сіңлілі әйелдерді атқан күдікті артынша өз-өзіне қол салған

Атырауда жұрттың жағасын ұстатқан жағдай орын алды. Ер адам екі бірдей әйелді атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сұмдық оқиға бүгін таңертеңгі сағат 10.30-дар шамасында қаладағы Авангард шағын ауданында орналасқан жекеменшік кеңселердің бірінде орын алды.

Жылжымайтын мүлік орталығында қызмет ететін 34 және 35 жастағы апалы-сіңлілі екі әйел оққа ұшқан. Қазір қанды оқиға болған бөлменің есігі тарс жабық. 40 жастағы күдікті қос келіншектің бірінің бұрынғы күйеуі көрінеді. Ол оқиға орнынан бір шақырымдай қашық аумақтағы Жайық өзені жағасына барып өзін өзі атып тастаған. Полийцейлер оқиғаға отбасылық кикілжің себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал қылмысқа күдікті жергілікті қырық жастағы азамат оқиғадан соң өзіне өзі қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталуда.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ