Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әзербайжан мұнай экспортын қысқартты

AstanaTV
10.09.2015ж. 10:00
1080
Әзербайжан мұнай экспортын қысқартты

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы қара алтынның экспорты жөнінде соңғы статистикалық мәліметтерін жариялады. Онда, Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы үстіміздегі жылдың тамыз айында шілдемен салыстырғанда мұнайдың тасымалдануы 7,4 пайызға қысқарғаны туралы, айтылған. Бұл ақпаратты "Fineco" агенттігі таратты.

Мемлекеттік компания таратқан ақпаратқа сәйкес, кемелерге Түркиядағы Джейхан портынан тамыз айында 2 млн 205 мың тонна мұнай тиелген. Бұл шілде айымен салыстырғанда 177 мың тоннаға кем. Жалпы, әзербайжандар ең жоғары көрсеткішке ағымдағы жылдың маусым айында қол жеткізіпті. Ол кезде аталған порттан 2 млн 797 мың тонна мұнай экспортталыпты. 

Абзал ҚҰРМАНКИН