Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Чили билігі босқындарды ресми қабылдауға әзір

AstanaTV
11.09.2015ж. 10:00
904
Чили билігі босқындарды ресми қабылдауға әзір

Чили билігі босқындарды ресми қабылдауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Тиісті қаулыға ел президенті Мишель Бачелет қол қойды. Айта кетейік, бұл келімсектерге көмек қолын созған Оңтүстік Америкадағы екінші мемлекет болып отыр. Дегенмен, босқындардың өздері Венесуэла мен Чилиге баруға құлықсыз. Өйткені көбі Оңтүстік Америкадан гөрі, бай-қуатты Еуропа елдеріне қоныстануды көздейді.

Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлағандай, қазір босқындар арасында белсенділік шамалы. Дей тұрғанмен, Еуроодақ босқындарға қол ұшын беруге тырысуда. Ал  Америка соңғы төрт жылда бар-жоғы бір жарым мың сириялық келімсекті қабылдаған. Биыл Вашингтон сұрапыл соғыстан бас сауғалаған сириялық 300 азаматты паналатуға ниет білдірді. Миграциялық дағдарыс басталғалы бері, араға айлар салып Мемлекеттік департамент «босқындар квотасын ұлғайту мәселесін талқылауға» кірісті.

Сербиядан бастап Венгрияға, содан Будапештке бет алдық. Күн сайын қалың ормандардан өтіп, далада түнеуге мәжбүрміз. Дамаскіден осы жаққа 12 күндей жүрдік. Ешкім көмек көрсетпеді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ