Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Ұлы дала елі» атты экспедиция жолға шықты

AstanaTV
11.09.2015ж. 20:00
989
«Ұлы дала елі» атты экспедиция жолға шықты

Осы мерейлі датаға орай бүгін елдің үш бірдей өңірінен «Ұлы дала елі» атты экспедиция жолға шықты. Астаналық құрам ұзақ сапарға «Қазақ елі» алаңынан аттанды. Елордалық экспедицияны Ассамблея өкілдері, ғалымдар мен депутаттар шығарып салды. 

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Жамбылда бір айдан кейін үлкен тойымызға үш экспедицияның бәрі бас қосады. Әр облыста ғалымдарымыз осы экспедицияны қарсы алып, брігіп жұмыс жасайтын болады.

Астаналық белсенділер Қарағанды -Жезқазған -Ұлытау арқылы оңтүстік өңірге шығады. Сондай-ақ, батыстан Атырау арқылы Қызылорданы айналып, Таразға келіп жететін эскпедиция да бүгін жолға шықты. Ал Павлодардан аттанған топ Шығыс Қазақстан арқылы Жамбыл облысына келеді. Экспедиция құрамында танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Олар жол-жөнекей халыққа қазақтың тарихы турасындағы соңғы жаңалықтарды жеткізіп, Елбасының идеясын насихаттайды. Бір айдан соң үш экспедиция да Таразда тоғысады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ