$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысына қатысты

AstanaTV
17.09.2015ж. 10:00
829
Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысына қатысты

«Азық-түлік - ең тұрақты валюта». Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өткен Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында осылай деп мәлімдеді.

«Бүгін біз сөз қылып отырған азық-түлік - ең тұрақты валюта. Өйткені азық-түлік әр уақытта бар. Біздің елдеріміз аграрлық-өнеркәсіптік ел және біздің мүмкіншілігіміз зор. Қазіргі адамзат болашағының шынайы құндылығы - аграрлық кешен», - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы Қазақстан мен Ресейдің шаруалары мен қайта өңдеушілері арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейтуде келісілген саясатты жүргізу қажеттігін атап өтті. Президенттің ойынша, Ресей мен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені бірегей экспорттық әлеуетке ие. Алайда бүгінде аграрлық саланың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде Владимир Путинге шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах