$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаттары жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын мақұлдады

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1677
Мәжіліс депутаттары жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары жерді жалға беруді және сатуды тоқтатуға байланысты заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді. Заң жобасын дайындауға Президенттің жерге қатысты енгізген мараторийі негіз болды.

Құжат жерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығындағы жер учаскелерін жекеменшікке сату туралы нормаларды заңдастырады. Заң жобасын кеше ғана премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырды. Ол Жер комиссиясының келесі отырысы осы сенбіде Алматы облысында өтетінін хабарлады.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі: 

Үкіметке осы нормаларды заңдастыруға байланысты тапсырма берілген. Назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы осы жарлықты орындауға бағытталған. Заң жобасы барлық құзырлы мемлекеттік мекемелермен, органдармен келісілген. Одан бөлек маңыздылығын ескере отырып, Президент әкімшілігімен, Бас прокуратурамен және барлық әкімдіктермен келісілген. Қосымша қаржыны талап етпейді. Басқа заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу ондай қажеттілік туындамайды.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ