Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Грекияда А. Ципрас партиясы жеңіске жетті

AstanaTV
21.09.2015ж. 13:00
984
Грекияда А. Ципрас партиясы жеңіске жетті

Грекия қарыз берушілермен келіссөзді одан ары қарай жүргізетін болады. Бұл туралы парламент сайлауында жеңіске жеткен «СИРИЗА» партиясының өкілдері мәлімдеді. Алдын-ала қорытындыға сәйкес, Алексис Ципрас 35 пайыз дауыс жинаған. Бұл кабинет құру үшін жеткіліксіз, сол себепті партия өкілдеріне басқалармен келіссөз жүргізуге тура келеді.

Ципрас үшін бұл сайлау науқаны оңай болған жоқ. Сайлауда кім жеңіске жетеді деген қоғам арасындағы сауалнамада ешкім нақты жауап айта алмады. Көпшілігі Ципрасқа екінші жыл қатарынан дауыс бере қоюы екіталай деген пікірді ұстанды. Ол несие берушілердің ығына көнбей, Грекияға қаржылық еркіндік беремін деп, уәде бергенде, оның еншісінде 36 пайыз дауыс бар болатын. Бұдан кейін елде референдум орын алды.

Алексис Ципрас, қайта сайланған Грекия премьер-министрі:

«Сириза» партиясы 4 жылға таза мандат еншіледі. Бұл партия жеңісі ғана емес, бүкіл елдің жеңісі. Бұған дейін біз жеті ай бойы ассиметриялық күштермен күресіп, «СИРИЗА»-ның күш-қуатын көрсете алдық. Ертеңгі күннен бастап біз өткенмен қош айтысамыз. Грек жалауы елімізде ғана емес, сондай-ақ Еуропаның үлкен аумақтарында дамып келеді.






Алдыңғы жаңалық