Нұрсұлтан Назарбаев Испания
Корольдігінің Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоны қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан-Испания ынтымақтастығының негізгі бағыттары
талқыланды, сондай-ақ екі елдің бірлескен жұмысының перспективалы салалары
қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайтуға оң
ықпал етіп отырған Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігіне назар
аударды. Мемлекет басшысы теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, коммуникация
және құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар
ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Мы с королем Хуаном Карлосом
многое сделали для сотрудничества наших стран. Мне сказали, что вы на
предприятии «Тальго» побывали. Вы представляете страну, с которой у нас есть договор о стратегическом
сотрудничестве. Мы это сотрудничество будем продолжать.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ