Қазақстан аймақтарында әлі бірнеше
күн бойына қатты аяз сақталады. Тек елдің батысы мен солтүстігінде ғана үскірік
аяздың беті қайтады деп болжануда.
«Қазгидромет» орталығы, әсіресе
ақпанның 4-і мен 6-ы аралығында қыс қаһарына мінеді, деп хабарлады. Қазақстан аумағына ығысқан циклон салдарынан қар жауып,
ақтүтек боран болады деп күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге
дейін жетуі ықтимал. Осының әсерінен солтүстікте ауа температурасы -35 тен
-30-23 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Ал басқа аймақтарда термометр
көрсеткіші күрт төмендейді. Шығыс пен
орталықта -35 градус, оңтүстік пен оңтүстік-батыста -22, кей жерлерде -30
градусқа дейін төмендейді. Бұл қалыпты көрсеткіштен -13 градусқа төмен.
Илхам ИБРАГИМ