Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанадағы нөмірі 68/665 әскери бөлімінде автоматпен ату бойынша жарыс өткізілді

AstanaTV
07.02.2014ж. 10:00
1635
Астанадағы нөмірі 68/665 әскери бөлімінде автоматпен ату бойынша жарыс өткізілді

Астанадағы нөмірі 68/665 әскери бөлімінің базасында Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай, Калашников автоматымен ату бойынша жарыс өткізілді. Мерекелік шараға құрлық әскері мұрындық болған. Жалпы додаға ракеталық, аэромобильді әскер және әскери бөлімдердің Астана, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық басқармаларындағы ауған ардагерлерінен құралған 7 команда қатысты.

Алмаз Жұмакеев, 36-шы десанттық шабуылдау бригадасының командирі, генерал-майор:

1979 бен 1989 жылдар аралығында болып өткен ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер қатысқан. 10 жылға созылған соғыста Кеңес Одағынан 15 мыңнан астам адам оққа ұшқан. Солардың разылығы үшін ұйымдастырып отырамыз осындай сайыстарды.

Жұрағат БАМАН