$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үкіметке бастаған жұмысты аяқтауға мүмкіндік беру керек - Н.Назарбаев

AstanaTV
20.03.2016ж. 14:00
1612
Үкіметке бастаған жұмысты аяқтауға мүмкіндік беру керек - Н.Назарбаев

Үкіметке бастаған жұмысты аяқтауға мүмкіндік беру керек. Сайлаудан кейін таратылатын Үкіметтің тағдырына қатысты Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Ал жаңа сайланған мәжіліс депутаттары сенім білдірсе, Үкімет құрамы өзгермейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодняшний состав правительства разработал те законы и те программы, по которым сейчас мы все работаем, а это антикризисные программы, это пять институциональных реформ, и, я считаю, что состав Правительства подобран очень грамотно, люди образованные, молодые, владеющие языками, как иностранными, так и нашими, и профессионалы своего дела. Нам, мне кажется, надо позволить им довести до конца то, что они на себя взяли.

Президент бастаған саяси элита Оқушылар сарайында жасақталған 81-ші учаскеде дауыс берді. Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева, бірқатар сенаторлар және Астана әкімі көппен бірге өз таңдауларын жасады. Байқаушылар да осал емес. Осы учаскеде ресейлік Иосиф Кабзон, Николай Валуевтер төбе көрсетті. Ал Франция мен Америка журналистерінің сұрағына жауап берген Президент елдің алдағы уаққыта президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Президентская система власти в Казахстане существует. Речь может идти по перераспределению власти между ветвями - президентом, парламентом и правительством. Мы в этом направлении думаем. Когда это будет происходить, мы посмотрим по обстановке в экономике, в мире, внутри страны. Если будет такова воля, что надо будет переходить на другую систему управления, мы очень серьезно над этим будем думать и думаем. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ