$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Халықтың 40 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді

AstanaTV
20.03.2016ж. 14:00
1773
Халықтың 40 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді

Түс ауа дауыс берушілер саны артты. Біз Орталық сайлау комиссиясындағы тілшімізбен тікелей байланысты жалғастырамыз. Астана уақыты бойынша сағат екіде Орталық комитетке келіп түскен ақпарат біршама жаңарған. Азамат, сөз тізгіні өзіңде.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Рахмет, Ләйлә. Түске таман халық ұйқысынан қандырып, дауыс берген азаматтар саны еселеп артып жатыр. Өңірлер мен Астана, Алматы қалаларындағы сайлау орталықтарынан 12-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, халықтың 40 пайыздан астамы дауыс беріпті. Қостанай облысы өзгеріссіз бірінші орында - 54,31 пайыз. Ақмола облысы 48,45 пайызға жетті, Солтүстік Қазақстан үштікте, 48,1 пайыз. Ләйлә!

Азамат, шетелдегі дауыс беру қалай жүріп жатыр? Ол туралы ақпарат бар ма?

Азамат Алдоңғаров, тілші: 

Иә, Ләйлә, ең алғашқы болып Токио мен Сеулдегі учаскілер жұмысын бастаған. Жалпы Қазақстаннан тыс жерде 14 мың отандасымыз дауыс береді деп жоспарланып отыр. Қазір оның  2 мыңнан астамы таңдау жасап үлгерген. Шетелдік елшіліктерде дауыс беретін азаматтарымыздың саны биыл өткен жылдағы президенттік сайлаудан 6 мың адамға кем. Себебі сырттағы азаматтарымыздың көпшілігі наурыз мерекесін тойламаққа елге оралған. Естеріңізге салайық, 51 мемлекетте жалпы саны 65 сайлау учаскесі жасақталған. Ал сырттағы сайлау орталықтарының географиясына тоқталсам, Азия мемлекеттерінде 25, Еуропа құрлығында 20 учаскі бар. Одақтас Беларусьтің астанасы Минск пен Брест қаласында да дауыс беру орталығы ашылды. ТМД аумағында 15, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде 4, тіпті Африка құрлығында да сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мен осымен Орталық комиссиядағы жұмысымды тәмамдап, дауыс беруге барамын. Енді Орталық сайлау комиссиясынан соңғы ақпараттармен әріптесім Айгүл Адепбай таныстыратын болады. Ал енді сағат 4-те орыс тілді әріптесім Ботагөз Сарқұлова тікелей эфирге шығатын болады.  

Рахмет, Азамат. Бізбен Орталық сайлау комиссиясынан таңнан бері байланыста болып, соңғы ақпараттармен таныстырған әріптесім Азамат Алдоңғаров болатын.