$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада екі көпқабатты үй орталықтандырылған жүйеден ыстық суға қосылды

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
1038
Қызылордада екі көпқабатты үй орталықтандырылған жүйеден ыстық суға қосылды

Қызылордада екі көпқабатты үй орталықтандырылған жүйеден ыстық суға қосылды. Айта кетейік, шахар еліміздегі ыстық сумен қамтылмаған жалғыз облыс орталығы. Жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге облыс бюджетінен 46 миллион теңге бөлінген. Ыстық судың рахаты мен игілігін бірінші болып Қорқыт - Ата атындағы 138 А мен 138 Б үйлерінің тұрғындары көрді.

Қазір 80 отбасы су жылытып, электрді көп пайдаланатын құрылғыларды қосудан құтылды. Олар енді орталық жүйеден келетін ыстық судың текше метріне 250 теңге ғана төлейді. Жалпы қаладағы жылу көздерінің қуаттылығы барлық 697 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтуға жеткілікті. Бұл алдағы екі жылда іске асады деп жоспарланған.


Бақытгүл Лақбаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:


Ыдысымды жуамын, кір-пірімді жуамын, ризамын. Бұрын Аристон болатын, оны ажыратып тастадым. Оған өкінбеймін. Ыстық су мезгілінде ағып тұр.


Асылбек Шәменов, Қызылорда облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:


Бұл жүйе ТЭЦ-тан келетін ыстық су жылу жүйесі арқылы бойлерге кіріп, ауыз су циркуляциясы арқылы жылытылып, пәтерлерге, тұтынушыларға, халыққа ыстық су жеткізіледі. Осы кісілердің жақында жұмысы аяқталып, қазір тұрғындармен келісім жүргізіліп жатыр қосылуға.


Шарипа САҚТАПОВА