Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елбасы Польша Республикасы сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1209
Елбасы Польша Республикасы сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады

Сондай-ақ бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасы сенатының төрағасы Станислав Карчевскийді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында поляк көшбасшысы А.Дудамен кездескенін еске алды. Сол кезде Польша Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты сапармен келуге шақырған. Бұл біздің достық қарым-қатынастымызды одан әрі тереңдете түсудің жаңа мүмкіндігіне айналады деп үміттенемін, - деді Президент. Өз кезегінде  екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Польша басшылығы Қазақстан Президентінің Варшаваға сапарын күтіп отырғанын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы относимся с большим уважением к тому, что делается в Польше. Развитие Вашей страны в Европе особо выделяется, и мы хотим иметь близкие экономические и политические отношения с Варшавой.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ