Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«100 қадам - ұлт жоспары» аясында бюджеттік бағдарламалар саны қысқарды

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1484
«100 қадам - ұлт жоспары» аясында бюджеттік бағдарламалар саны қысқарды

Елімізде 519 бюджеттік бағдарламалар саны 221-ге дейін қысқарып, мемлекеттік жоспарлау құжаттарының айналымы үш есеге азайған. 100 нақты қадам - ұлт жоспарында айтылған ықшам әрі нәтижелі мемлекеттік басқару аппаратын құру қадамы осындай оң нәтиже берген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрлігінің құзырлы департамент директоры мәлімдеді. 100 нақты қадам ұлт жоспарының 92 қадамына сәйкес 10 мемлекеттік бағдарламаның екеуі қысқарып, 11 салааралық бағдарлама жойылды. Есесіне, әлеуметтік маңызы жоғары бағдарламалар мемлекеттік органдардың стратегиялық даму құжаттарына біріктірілді, - дейді  Жандос Шаймарданов.

Жандос Шаймарданов, ҚР ҰЭМ стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры:

Оңтайландырудың арқасында сегіз мемлекеттік және бес салааралық бағдарлама қалды. 2016 жылдың басынан бері мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттар саны 300-ге дейін қысқарды. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын құжаттар саны 924 болатын. Қазір ол үш есеге кеміді. Үнемделген қаржы мен еңбек күші ел дамуындағы стратегиялық маңызды бағыттарға жұмсалады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ