$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан қазақстандықтарға Астанада ескерткіш белгі орнатылды

AstanaTV
07.04.2014ж. 20:00
1439
Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан қазақстандықтарға Астанада ескерткіш белгі орнатылды

Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан қазақстандық  сарбаздар ерлігіне орай Астанада ескерткіш белгі орнатылды.  Осыдан 19 жыл бұрын Тәжікстанның Пшихавр  аймағындағы ұрыста еліміздің әр түкпірінен әскер қатарына шақырылған 17  жас ерлікпен көз жұмды. Сол 17-нің ішінде Жанат ананың баласы Ербол Бекебаев та болды.

Жанат Бекебаева, қаза тапқан сарбаздың анасы:

Мына балаларды 17 сарбазды ұмытпай, жылда еске алып жатады, қалдырмайды. Бәріне де алғыс айтамын, рахмет.

Болат Жанасаев, 1995 жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысы, генерал-лейтенант:

Соның ішінде сол 17 әскери жауынгер қаза тапқан, бесеуі "Айбын" орденімен марапатталды, он екісі "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Астанадағы ескерткіш орналасқан аумақта 2009 жылы Тағзым ету алаңы ашылып, Ішкі әскер сарбаздарының әскери ант қабылдау орнына айналған. «Бұл ескерткіш ерлік пен өр мінездің белгісі», - дейді генерал-лейтенант Болат Жанасаев. Құлпытас еліміздің Ардагерлер кеңесі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды.