$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Венада 3 күннің ішінде Иран ядролық бағдарламасы толықтай тоқтатылады

AstanaTV
08.04.2014ж. 10:00
998
Венада 3 күннің ішінде Иран ядролық бағдарламасы толықтай тоқтатылады

Венада «алтылық» пен Иран өкілдерінің кезекті отырысы жалғасады. Оған Еуропа дипломатиясының басшысы Кэтрин Эштон мен Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Джавад Зариф қатысады.

3 күндік келіссөз аясында Иранның ядролық бағдарламасын жабу және оған қатысты халықаралық санкцияларды тоқтату мәселелері қаралады. Қазір Тегеран мен Вашингтон женевалық келіссөзді алға тарта өз міндеттерін дұрыс атқаруда.

АҚШ санкцияны жеңілдетіп, ал Ислам республикалары уранның мол қорынан арылып, кейбір ядролық нысандарды жабу үстінде. Сарапшы мамандар аталмыш келіссөздің сәтті аяқталуына күмән келтіруде. Өйткені, ағымдағы жылдың 17-19 наурыз күндері өткен кездесу еш нәтиже бермеген.