Латын Америкасының әдебиеті аты әлемге
мәшһүр тұлғасынан айырылды. Әйгілі колумбиялық жазушы, Нобель сыйлығының иегері
- Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында өмірден озды.
Жазушы Мехикода, туыстарының ортасында
көз жұмған. Ал бір апта бұрын ол ауруханадан
шығарылған еді. Оның өкпесі сыр берген болатын. Дәрігерлер науқас ем-домды
үйінде жалғастырады деген.
Габриэль Гарсиа Маркес 60 жылдардағы
Латын Америкасы әдебиетіндегі жарқын тұлғалардың бірі. Оның әлемді шарлап кеткен ең әйгілі туындысы - «Жүз жылдық
жалғыздық» романы.
Айгүл ӘДЕПБАЙ