$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қарағанды облысының Көкпекті ауылында болған апатқа кінәлілер анықталды

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
1551
Қарағанды облысының Көкпекті ауылында болған апатқа кінәлілер анықталды

Қарағанды облысының Көкпекті ауылында болған апатқа кінәлілер анықталды. Ауыл әкімі Бақытжан Смаилов пен Бұқар жырау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ринат Жантүліковке "жұмысын атқаруда салғырттық танытқаны үшін" деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, 31 наурызда су қоймасының бөгеті бұзылып, Көкпекті ауылындағы 300-дей баспана тасқын судың астында қалды. 5 адам қаза тауып, 12 адам ауруханаға түскен. Тексеру шаралары әлі де жалғасуда. Дегенмен облыстық прокуратура алғашқы тергеу нәтижесімен бөлісті.

Көкпекті ауылының әкімі, аудандық төтенше жағдай басқармасы бастығы, "Агрофирма Шаңырақ" серіктестігінің құрылтайшысы Ерлан Чкалов пен оның көмекшісі де айыпталып отыр. Су қоймасын "балық өсіремін" деп жалға алған "Табиғат-21" серіктестігі де жазасыз қалмайтын түрі бар. Олар өз ісіне немқұрайды қарағандықтан, бөгет бұзылды деген алдын ала қорытынды жасалды. Әзірге екі шенеунік те ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Алмас Әбдәқасов, Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі:

Плотина "Шаңырақтың" жеке меншігінде болған, солар жауап береді. Су қоймасын "Табиғат-21" пайдаланған балық өсіру үшін. Көкпекті ауылының әкімі мен төтенше жағдайлар бастығы Жантүлеков бақылау жүргізбегені үшін айып тағылып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ