$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Жер қатынастары саласындағы жемқорлық фактілері өткен жылмен салыстырғанда артқан

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
998
Жер қатынастары саласындағы жемқорлық фактілері өткен жылмен салыстырғанда артқан

Жер қатынастары саласындағы жемқорлық фактілері мен лауазымды тұлғалардың міндетін асыра пайдалануы өткен жылмен салыстырғанда еселеп артқан. Бұл жөнінде Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері хабарлады. 

Шолпан Ташетова, Астана қаласы бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің бас маманы:

Өткен жылы осы салада тек бір қылмыстық іс қозғалған болса, осы жылдың үш ай ішінде алты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Жемқорлық қылмыстардың басым көпшілігі лауазымды тұлғалардың қолымен жасалатын көрінеді. "Ильинка" елді мекеніндегі 379 гектар жер телімін жымқырғаны үшін Ақмола облысы Целиноград аудандық Әділет Басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Долдин Қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аудан тұрғыны Қабдығали Ахметов те жазадан тыс қалмады. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 19 млн теңге. Шенеунік 4 жылға шартты түрде сотталса, аудан тұрғыны 4 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Азамат АЛДОНГАРОВ