Шымкенттік ғалым теңдесі жоқ
ғылыми жаңалық ашты. Осындағы педагогикалық институттың профессоры Әбдімәлік
Әшіров ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін елу пайызға дейін арттыруға
болатынын дәлелдеп шықты.
Мына антенналарды
бидайдың үстіне орналастырамыз. 11-ақ минут нұрландырамыз біз тұқымдарды. Мынау
сол жағындағы жүгері - өңделген. Оң жағындағы - өңделмеген жүгері. Сонда былай
қарасақ, көзбен-ақ анық көрінеді. Собықтар өңделмегеннен екі есе көлемді деп
айтуға болады.
"Озық технология бойынша
егілген тұқымнан екі есе жоғары өнім алуға болады",- дейді ғалым. Тәжірибе
жүргізу барысында 84 пайызға дейін өнім алынған. Әлемде бұрын соңды қолданыста
болмаған ерекшеліктердің көмегімен ғалым осындай мүмкіндікке жетіп отыр.
Жаңалықтың ерекшелігі-космогеофизикалық параметрлердің қолданылуына байланысты.
Егер аталған ғылыми заңдылықтарды шаруашылықтар кеңінен қолданса, экономиканы
қарыштап дамытуға мүмкіндік артады. Ғалымның бұл жаңалығына арнайы диплом
берілді. Енді ол «Нобель» сыйлығынан үміткер.
Әбдімәлік Әшіров, техника
ғылымдарының докторы, профессор:
Фотон сәулесі жерге 8 минутта келеді. Протон жаңбырлары 78 сағатта
келеді. Біз соның бәрін есептеп отырып, үлкен планеталар Юпитер, Сатурн соның
бәрін қолданып отырып, 18 параметр қолданамыз. Компьютер тұқымдарды өңдеу
қолайлы уақытын бізге айтып тұрады.
Әбдімәлік Әшіровтің ашқан
заңдылығы әлемнің сегіз елінде сынақтан өтіп үлгерді. Ғылыми жаңалық Қазақстанның
бірқатар аймақтарында тәжірибеден өтіп жатыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ