$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Бразилияда футбол чемпионатының өткізілуіне қарсы тұрғындар 35 автобусты өртеп жіберді

AstanaTV
23.04.2014ж. 13:00
922
Бразилияда футбол чемпионатының өткізілуіне қарсы тұрғындар 35 автобусты өртеп жіберді

Бразилияның Сан-Паулу қаласында бұзақылар 35 автобусты өртеп жіберді. Оның 23-нің түгі қалмай жанып кетті. Тергеушілер, бұл ұйымдасқан топтың әрекеті дейді. Қоғамдық көліктер қаланың бірнеше ауданында бір мезетте өртенген.

Полицейлердің айтуынша, тәртіпсіздіктерге есірткі саудагерінің өлімі себеп болған. Алайда билік бұл кедей аудандар тұрғындарының футболдан өтетін әлем чемпионатына қарсылығы деген пікірде. Өйткені мұндай тәртіпсіздіктер жиілеп кеткен. Халық спорттық шараға бөлінеді деген 14 миллиард доллар өте үлкен шығын деп, оған қарсылықтарын үдетіп жіберді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах