$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қытайдан Астанаға бағыт алған ірі көлемдегі контрабандалық тауардың жолы кесілді

AstanaTV
23.04.2014ж. 20:00
1350
Қытайдан Астанаға бағыт алған ірі көлемдегі контрабандалық тауардың жолы кесілді

Қытайдан Астанаға бағыт алған ірі көлемдегі контрабандалық тауардың жолы кесілді. Заңсыз әрекетке "Достық" кеден бекетінде тосқауыл қойылды. 

Контейнер заполнен картонными коробками, зарядки для телефонов в количестве 2074.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде 55 жастағы Ресей азаматы қолға түсті. Ол Қазақстан азаматтары атынан серіктестік ашып, ел аумағына жалған құжатпен құны төмен тауарларды жеткізумен шұғылданған. Бұл кәсіппен жылдар бойында айналысып, оңай олжа табуға әбден машықтанған көрінеді. Контейнерге тиелген тұрмыстық тұтыну тауарлары Астанада саудаға түсуі тиіс болған. Жолы кесілген жүктің жалпы құны бір миллиард теңге. Ал ел қазынасы 318 миллион теңге салықтан қағылды. 

Ерден Жұма, ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің бөлім бастығы:

Автокөлік бөліктері, әр түрлі маталар, киімдер, сантехника - әр түрлі тауарлар, ассортимент үлкен. Бұл аталған азамат ұсталып, сот санкциясымен оған қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ