Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Самұрық-Қазына» қарамағындағы қысқартылатын және жекешеленетін компаниялар санын жариялады

AstanaTV
29.04.2014ж. 20:00
943
«Самұрық-Қазына» қарамағындағы қысқартылатын және жекешеленетін компаниялар санын жариялады

Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры өз қарамағындағы қысқартылатын және жекешеленетін компаниялар санын жариялады. Қордың басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтың айтуынша, 599 компанияның 122-сі бәсекелестік ортаға беріледі. Бұдан бөлек, 50 компания Қордың құрамындағы екінші деңгейлі банктермен бірге жеке меншік ортаға шығарылатын болса, 48 компания жойылады. 

Нұрлан Рахметов "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры:

Осылайша, қор аясындағы жалпы қысқарту 223 компанияға қатысты болады. Бұл 37 пайызды құрайды. 22 компания 2015 жылы, 8 компания 2016 жылы жекешелендіруге жатады. Қалған 12 компания 2018-2020 жылдарға қарай жеке меншікке өтеді деп жоспарланып отыр.

Жұрағат БАМАН