$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтау порты арқылы Қазақстаннан Иранға экспорт артты

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
687
Ақтау порты арқылы Қазақстаннан Иранға экспорт артты

Ақтау порты арқылы Қазақстаннан Иранға экспорт артты. Соңғы жыл ішінде жеткізілген тауар көлемі 20 пайызға ұлғайған. Осы мерзімде теңіз портынан жөнелтілген жүк көлемі 2 миллион 800 мың тонна.

Көлік және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың алғашқы тоқсанында Парсы еліне 272 мың тонна металл және 221 мың тонна астық өнімдері жөнелтілген. Еске салайық, Ақтау портын кеңейту жобасы шеңберінде 3 жүк терминалының құрылысына шетелдік инвестиция тартылмақ.

Көлік және коммуникация министрлігі сингапурлық компаниямен арада бірлескен кәсіпорын шарттарын анықтап, меморандум бекітті. Сонымен қатар министрліктің таратқан ақпаратында бүгінгі күнге Каспий теңізіндегі тауар айналымының 30 пайызы Ақтау портына тиесілі екендігі көрсетілген.

Мансұр ЕСҚОЖИН