Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мадрид қаласындағы халықаралық жарысына қатысады

AstanaTV
06.05.2014ж. 13:00
1344
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мадрид қаласындағы халықаралық жарысына қатысады

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мадрид қаласында басталған халықаралық жарыста ойын көрсету құқығына ие болды. Іріктеу жарысының финалында отандасымыз Колумбия теннисшісі Алехандро Гонсалесті екі сетте жеңді. Тақырыпты Самат Қанағатов тарқатады.

Испания астанасы Мадрид қаласында теннистен «Мастерс» турнирі басталды. Жарыс табиғи төсеніште өтуде. Франция спортшысы Жо Вильфред Тсонга алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Бұл сында Тсонга отандасы Эдуард Роже-Васселинмен кортқа шықты. Алғашқы екі сетте бірін-бірі ала алмағанына қарамастан шешуші сында табандылығымен танылған Тсонга 6:3 есебімен басым түсіп, кездесуді өз пайдасына шешті.

Келесі ойында АҚШ спортшысы Джон Изнер-Ресей теннисшісі Теймураз Габашвилимен ракетка түйістірді. Бірінші сет тартысты өтті. Жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Бұл сында қателікке бой алырмаған АҚШ теннисшісі бірінші сетті өз пайдасына шешті. Үзілістен кейінде алған бетінен қайтпаған Изнер ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателескен Габашвили қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

Самат ҚАНАҒАТОВ