Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Солтүстік Қазақстан облысын жұпсыз сұр көбелектер қайта жаулап алуы мүмкін

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
1241
Солтүстік Қазақстан облысын жұпсыз сұр көбелектер қайта жаулап алуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысын жұпсыз сұр көбелектер қайта жаулап алуы мүмкін. Қазір бұл жәндіктің жұлдызқұрты орман алқаптарында көбейіп жатыр. Осыған байланысты орманшылар оларды улауға кірісті. Биыл 167 мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Эколог мамандардың айтуынша, у-дың басқа жәндіктерге зияны жоқ. Жалпы, бұл көбелектердің жұлдызқұрты өсімдіктің 300 түрін қорек етеді: емен, тал, терек, аққайың және тағысын тағы. Зиянкестер алдымен ағаш жапырақтарын жеп, артынша гүл, шөптерге көшеді. Бұл жағдайда дәнді және майлы дақылдарға да қауіп төнеді.

Айта кету керек, былтыр жұпсыз жібек көбелектері осы облыста орманның 40 мыңнан астам гектарын басып алған болатын. Ізінше дереу улау жұмыстары жүргізілген еді. Алайда, бұдан оң нәтиже шықпады. Себебі Қостанай мен Ресейдің Омбы облысынан паразит жәндіктердің жаңа толқыны келіп, Қызылжар өңірінің 3 ауданы мен Петропавл қаласында қаптап кеткен. Биыл да дәл сондай жағдайдың қайталануы ғажап емес, дейді жергілікті инспекторлар.

Хасен Баукенов, СҚО Аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

Ресей Федерациясының Қорған облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасындағы орман алқаптарының 1150 гектары көбелектердің қырықбуынымен зақымданған. Ресейлертер бұл аумақтың тек 160 гектарын ғана улайды. Яғни, 10-ақ пайызын. Егер де ол жерде көбелектер пайда болса, олар бізге ұшып келеді. Былтыр
да солай болған.

Абзал ҚҰРМАНКИН