$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Әрбір екінші қазақстандық азамат интернет кеңістігінде кибершабуылға ұшырайды

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1025
Әрбір екінші қазақстандық азамат интернет кеңістігінде кибершабуылға ұшырайды

Әрбір екінші Қазақстандық азамат интернет кеңістігінде кибершабуылға ұшырайды. Қазнет кеңістігінде 46 миллионнан астам қауіпті кибер нысан бар. Ғаламторда кеңінен таралған қылмыстардың дені «кардинг», яғни банк карттары арқылы қаржылық операция орындау кезінде жасалады. Бүгін Астанада Қаржы полициясы академиясы қабырғасында АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының арнайы агенті Джеффри Коллинз еліміздің құқық қорғау органдары мен банк саласы қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы мен виртуалды қылмыстың құрбаны болмаудың қыр-сырын үйретті. "Интернет иірімдерінде сақталған әрбір ақпарат виртуалды ұрлықшы немесе киберқылмыскердің қолында, сақ болыңыздар", - дейді мамандар. 

Арман Мүсілімов, қаржы полиция академиясының бөлім басшысы:

Касперский лабораториясы мен Би-ту-би нтернешнл компанияларының жасаған мәлімдемелері бізді алаңдатпай қоймайды. Олардың таратқан ақпараты бойынша, Қазақстан халқының 55,5 пайызы кибер шабуылға ұшыраған. Қазақстан территориясында теріс пиғылдағы 46 млн 500 мың кибер нысан анықталған. Біздің бүгінгі семинар осы қауіптің алдын алуға арналған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ