Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Терроризм және экстремизм баптарымен сотталған 15 адам дәстүрлі дінге бет бұрды

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
2206
Терроризм және экстремизм баптарымен сотталған 15 адам дәстүрлі дінге бет бұрды

Атырауда соңғы екі жылда терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталған 15 адам дәстүрлі дінге ауысқан. Бұл туралы аймақтағы теолог мамандар айтты. Ал ондай баптар бойынша жалпы қанша адамның бас бостандығынан айырылғаны жабық ақпарат көрінеді. Теріс ағым жетегінде кетіп, өмірін ойрағандардың көзі неге жетті? Уланған сананы емдеу үшін қанша уақыт керек? Атырауда  УГ - 157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар арнамыздың тілшілеріне ашық сұхбат берді.

Жәнібек Сүйіншібаев, жазасын өтеуші: 

Ауғанстан территориясында үш ай болдым. Ондай қақтығысқа қатысқан жоқпын. Дұрыс істемейтіндер болды. Өз араларында қақтығыстар болды. Мұсылмандар бір-бірін өлтіріп жатты. Келеңсіз оқиғалар болып жатты, соларды көріп, бұл жерге келгенімнің дұрыс еместігін білдім.

Адасқандардың ашық әңгімесін ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріп, тыңдай аласыздар.