Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі табылды

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1574
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында 8 ай бұрын жоғалған Айым Ұлтомбаеваның денесі қала шетінен табылды. Мәйітті жергілікті тұрғын байқап қалған. Ол өтіп бара жатып жер астынан шығып тұрған адамның қолын көрген. Оқиға орнына келген полицейлер қоқыстың астынан жасөспірімнің денесін алып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Айым Ұлтомбаева өз үйінен 2015 жылдың 12-ші қыркүйегінде, түнде жоғалып кетті. Таңертең тұрған ағасы үйдің есігі ашық жатқанын байқаған. Ал қарындасы үйде жоқ болып шығады. Іздеу жарияланып, оған полицейлермен қоса, еріктілер де қосылды. Полицейлер бұған дейін зорлық үшін сотталған Айымның көршісінен күдіктенді. Ал жасөспірімнің денесі табылған соң, ол өз кінәсін мойындады. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Бақытжан Торғаев, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ол ұсталған азамат бұрын да сотталған. Осы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, ер азамат. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы азаматтың аталмыш қылмысқа қатысы барлығы туралы толық дәйектер бар.     

Айгүл ӘДЕПБАЙ