$464.72 €496.32 ₽5.4
×

Пәтерге аса мұқтаж жандардың тізімі енді баспасөз бен интернетке жарияланбақ

AstanaTV
21.05.2014ж. 20:00
1027
Пәтерге аса мұқтаж жандардың тізімі енді баспасөз бен интернетке жарияланбақ

Пәтерге аса мұқтаж жандардың тізімі енді баспасөз бен интернетке жарияланбақ. Бұл кезектен тыс баспана алатындардың жолын кесу үшін жасалады. "Тұрғын үй қатынастары" туралы заңға енгізілген өзгерістер осыны қарастырып отыр. Мұнан бөлек енді мемлекеттік қызметкер бір ғана үйді жекешелендіре алады. Ал кондоминиумдар ортақ мүліктің жай күйі туралы меншік иеліріне ай сайын есеп беруге міндетті.

Әлеуметтік әлжуаз топтарға пәтерді босату туралы сот талап қойғанда, бір ай мерзім беріледі. Ал жылыту маусымы кезінде "қудалау" жүргізілмейді. Әскери адам қызмет бабында қаза тапса, отбасына міндетті түрде баспана беріледі. Ал жетімдер үйі түлектеріне пәтер бөлуде 20 пайыз квота қаралмақ. Депутаттар осы тұста дау-дамайға ұласып жатқан саяжайдағы жер телімдеріне тоқталды. Министрден өтемақыны арттыру мүмкіндігін сұрастырды.  

Гүлнәр Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Біздің Парламентке де көптеген адамдар келіп жатыр. Олар әртүрлі акциялар өткізіп жатыр. Прокуратураға барып жатыр. Сіз министр ретінде осы мәселені шешу жөнінде қандай көзқарасыңыз бар? Соны шешу бағытында заң жүзінде кесіп тастауды біз де білеміз. Саяжайды тұрғын үймен теңестірген жағдайда ол аумаққа су, жылу тартып, мектеп пен аурухана салу қажет. Министр мұны "тиімсіз" дейді. Есесіне, мұндайда ақшаны еселеп алудың басқа жолымен бөлісті.  

Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:

С
аяжайдағы жер телімін сатып алғанда, 6 сотық жер үшін ғана ақша алмас үшін, ондағы үйді де тіркеуден өткізіп, рәсімдеп алу керек. Сонда қосымша ақша төленеді. Қазіргі заң оны іске асыруды қарастырады. Ал мүлікті рәсімдеу кезінде тіпті оңай болмақ.

Сондай-ақ Мәжіліс азық-түлік пен жеміс-жидек қауіпсіздігін тексеру функциясын кеден органдарына беру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Өзгеріс жүктерді шекарадан өткізуді жеделдету мен әкімшілік кедергілерді жоюды көздейді. Алайда депутаттар көрші Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінде таралған қауіпті індеттерге қатысты алаңдаушылық танытты.

Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары немесе сол аурулардың қоздырғыштары, сондай-ақ өсімдіктердің карантиндік обьектілері еліміздің аумағына кіріп кетпейді ме? 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:


Кеден органдарына Ауыл шаруашылығы министрлігінің специалистері прикомандированный болып жұмыс істеп жүр. Қосылған кезде бұл мамандар кеден органдарына кіретін болады. Біз оларды қабылдаймыз және келешекте ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге істеп, мамандарды тартып, олардың жұмыстары стандарттарын әзірлеп бекітіп, сіз айтқан проблемаларды елімізге жібермейміз. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ