Ал ҰҚК Шекара қызметі болса, су жаңа
ұшақтарын таныстырды. Шекарашылардың
авиациялық техника паркіне жаңа екі тікұшақ пен ұшақ қосылды. Олар «Ми-171»
тікұшақтары мен Ан-74 әскери-көлік ұшағы.
Жаңа техникалар республиканың мемлекеттік шекарасын
күзетуге тартылады. Мәселен, Ми-171 тікұшағы, Ми-8-дің өте жаңартылған түрі
деді мамандар. 13 тонна тонна салмақты көтеріп ұшу мүмкіндігіне ие. Тікұшақпен
күндіз-түні, тіпті, күрделі ауа райы кезінде де ұшуға болады. Ал АН74 Т200 ұшағы топырақты
ұшып қону алаңдарынан да көтеріле алады.
Илхам ИБРАГИМ