Алдағы екі жылда республикалық және
коммуналдық жекеменшіктегі ірі объектілер, оның ішінде ірі концерт залы мен
отандық киностудия және алматылық «Қайрат» клубы жекеге өтеді. Бұл үрдіс
үкіметтің «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіту
қаулысына сай жүргізіледі - деп, «Интерфакс» агенттігі хабарлады.
Атап айтсақ, коммуналдық меншіктегі «Алматыметрокұрылыс»
АҚ-ң 68%, «Республика сарайының» 100%, «Қайрат» футбол клубының 30% жеке
меншікке өтеді. Сондай-ақ, 2014 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ң
49% акциясы сатылымға шығады деп күтілуде.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА