Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өскеменде 9 автокөлік жанып кетті

AstanaTV
23.05.2014ж. 10:00
929
Өскеменде 9 автокөлік жанып кетті

Өскеменде техникалық қызмет көрсету стансасында ірі өрт болып бірден 9 автокөлік өртеніп кетті. Бұл жөнінде қалалық ТЖ басқармасы хабарлады.

Қызыл жалынға оранған машиналардың барлығы қымбат шетелдік көліктер. Одан бөлек, қызмет станциясындағы жөндеу боксы қақпасының ішкі жылытқышы өртенген. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Өрттің шығу себептері, залалы мен автокөлік иелері анықталып жатыр.

Гафур Ақаев, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары:

Өрт 1 сағат ішінде ауыздықталды. Оқиға бойынша материалдар ішкі істер қызметкерлеріне берілді. Өрттің шығу себебінің бір дерегі қасақана өртеу болуы мүмкін.

Қанат ОРАЛБЕК