$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Өскемендік бүлдіршіндер шоколад атқылаған фонтаннан дәм татты

AstanaTV
02.06.2014ж. 20:00
2305
Өскемендік бүлдіршіндер шоколад атқылаған фонтаннан дәм татты

Шоколадтан жасалған субырқақ пен асфальтқа салынған суреттер өскемендік бүлдіршіндерге мереке күні тамаша сый болды. Ересектердің балаларды қорғау күніне орай қаладағы барлық балаға жасалған шара бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Шоколад атқылаған фонтаннан балалар дәм татты. Оларға ересектер де қосылды.

Бұл күні балалар өздері қалаған ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енді. Бірі Алдар көсе болса, енді бірі Керқұла атты Кендебайды сомдады. Тіпті өрмекші адам, қарақшы болып киінгендер болды. Мұнан соң мерекелік шараның кішкентай қонақтары асфалтьт үстіне түрлі суреттер салып, қиялдарына ерік берді. Ұйымдастырушылар денсаулыққа зияны жоқ бояуларды таңдап алғандарын айтады. Тіпті ата-аналардың өзі бүлдіршіндерге еріп, ертегілер әлеміне саяхат шекті.

Анастасия Белоногова:

Балалар өте қуанып, мәз-мейрам болып жүр. Сурет салу олардың көңілінен шықты. Қыз балалар қуыршақ, гүлдің суретін салса, ұлдар ертегі кейіпкерлерін салып жатыр.

Қанат ОРАЛБЕК