$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік органдардағы бірқатар қызмет түрлері бәсекелі ортаға өтеді

AstanaTV
17.05.2016ж. 20:00
1543
Мемлекеттік органдардағы бірқатар қызмет түрлері бәсекелі ортаға  өтеді

Мемлекеттік органдардағы бірқатар қызмет түрлері бәсекелі ортаға  өтеді. Ал олардың нақты қандай қызметтер екені қыркүйек айында белгілі болмақ. Оған дейін сараптау жұмыстары аяқталуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов мәлімдеді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік органдар тарапынан аутсорсингке тапсырылатын қызмет түрлері үшке бөлінеді. Бірінші - тазалыққа жауап беретін персоналдың қызметі, екінші - IT, есеп және заңгерлер қызметі. Үшіншісі - тікелей мемлекеттік қызметке қатысы бар функциялар. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде осылардың соңғысы бәсекелі ортаға сирек өтеді. Бұл Елбасы тапсырған 100 нақты қадам ұлт жоспарының 97-ші қадамында белгіленген тапсырма. Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның азаматтық альянсы жеке сектордың дайындығын алдын-ала зерттеп, зерделейді. Заң жобасын әзірлеу барысында АҚШ-тың тәжірибесі басшылыққа алынған.

Асқар Базарбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

АҚШ-та жыл сайын 30 маусымда Ақ үйдің бюджеттік-әкімшілік басқармасы коммерциялық қызметке өтетін функциялар тізімін ұсынады. Ол Конгресске таныстырылады. 30 күн ішінде ол тізім көпшілікке жария болады. Оған бизнес ұсыныс білдіре алады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ