$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ЖСДП-ның үгіт-ақпараттық парақшалары шалғай ауылдарға жетті

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1644
ЖСДП-ның үгіт-ақпараттық парақшалары шалғай ауылдарға жетті

Жалпыхалықтық сциал-демократиялық партия өкілдері үгіт жұмыстарымен өңірлерге шықты. Астана және Алматы қалаларында сайлауалды бағдарламаларын кеңінен таныстырған партиялықтар облыс орталықтарына шыға бастады. Бүгін Ақмола облысында көкшетаулықтармен кездесу өтті.

Партияның республикалық штабы өкілдері Көкшеге жетпес бұрын, жергілікті халық социал-демократтардың сайлауалды тұғырнамасымен танысып үлгерген. Партияның өңірлік филиал жетекшісі Валерий Смоквин, үгіт жұмыстарына қажетті барлық ресурстар жеткілікті екенін баяндады. Аймақтық штаб өкілдері арнайы газет те шығарған. Онда партияның ұстанған бағыты мен бағдарламасы бар. Онда инновациялық экономика, денсаулық сақтау мен білім мәселелері көтерілген.

Партияның ақпараттық парақшалары шалғай ауылдарға да жеткізілген көрінеді. Партия белсенділері аталған жұмыстарды аймақта ары қарай да жалғастыра бермек. Ол үшін керекті ақпараттық баспа өнімдері жеткілікті екенін айтады партиялықтар.

Валерий Смоквин, ЖСДП Ақмола облыстық филиалының жетекшісі:

Қазір біз жарнамалық өнімдерді алып жатырмыз. Одан бөлек, облыстық жұмыс жоспарын жасадық. Бүгін бізге партиямыздың атынан Мәжіліс сайлауына түсетін 3 бірдей кандидат келді. Олар ақмолалық сайлаушыларға партия ұстанымдарын түсіндіреді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ